Құрманғазы ауданына қарасты Сафон селолық округінде жүрек тұсынан салынған пышақтан қайтыс болған адамның мүрдесі табылған.
Бұл жай осы қыркүйектің он төрті күні болған еді. Жүрек тұсынан пышақтың салдарынан қатты қансыраған жәбірленуші оқиға болған жерде қайтыс болған. Күні бүгінде күдікті де құрықталып отыр.
Ол да сафондық, жасы елуден жаңа асқан. Тергеу жүріп жатыр, негізі оқиға бірігіп ішімдік ішуден басталып, арты өзара жанжалға ұласқан. Бұл кісі өліміне байланысты ҚР ҚК 96 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс көтерілген болатын. Күдікті аудандық соттың қаулысымен ҚР ҚК-нің 150 бабының талабы негізінде екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі Магилан ЕРКІНҰЛЫ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА