Атырау, 9 ақпан 12:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Нурсая кішкентай Расулмен қоштасты

2 300 рет қаралды

Image 0Оқиға орны. 21 сәуірде Нұрсая ықшамауданының тұрғындары №7 үйдің маңындағы бетон жабындының астында қалған 8 жасар бала Расул Алпысбайды соңғы сапарға шығарып салды ("Баланы бетон жабынды басып қалды" мақаласын қараңыз).

Төтенше жағдай 9 сәуірде болған еді. Бақытсыздық жағдайы салдарынан Расулдың ішкі мүшелері жарақаттанып, 19 сәуірде ауруханада көз жұмды.

Жылу трассасы «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-іне қарайды. Облыс прокурорының аға көмекшісі Жасұлан ЖҰМАҒАЗИЕВТІҢ айтуынша, қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 371-бабы 2-тармағы («Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта 5 жылға дейін бас бостандығын айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 сәуір 2015, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.