Атыраулық гимназия оқушысы Ерсұлтан НӘБИДОЛЛА (суретте) Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық ғылыми жобалар байқауынан жүлделі орын алды.
Бұл конкурсты Тэджон қаласының SolBrige халықаралық бизнес мектебі ұйымдастырған. Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 11 сынып оқушысы Ерсұлтан Нәбидолла өлкетану секциясында «Атырау өңірі климатының өзгеруіне антропогендік факторлардың әсері» ғылыми жобасымен жүлделі үшінші орын алды.
- Мен өз ғылыми жобамда облыс климатының өзгеріп жатқаны өңіріміздегі мұнай өндіру нәтижесінде екенін дәлелдейтін бірнеше жылдық талдаулар мен зерттеулер қорытындыларына сүйендім, көптеген мысалдар келтірдім, - дейді Ерсұлтан.
Қайырбек САНСЫЗБАЕВ