Атырау, 28 желтоқсан 15:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Алғыстың орнына сөгіс алды

2 359 просмотра

Мақат ауданының жол полициясы қызметкерлері жүргізуші куәлігінсіз әкесінің көлігіне мінген жасөспірімді ұстап, сол үшін алғыс емес, сөгіс алды. Бұл туралы Мақат ауданы прокурорының көмекшісі Аслан НҰРҒАЛИЕВ әңгімелеп берді.

Биылғы жылдың наурызында автоинспектор жүргізуші куәлігінсіз әкесінің көлігін жүргізген кәмелетке толмаған бозбаланы тоқтатқан. Ереже бұзушыға 15 АЕК (22 680 теңге) көлемінде айыппұл салады. Алайда, содан кейін жасөспірімнің анасы прокуратураға шағымданған. Олар анасының дәлелдерін тексеріп, автоинспекторлар әрекеттерінің заңсыз екендігімен келіскен.

Біріншіден, заң бойынша, кәмелетке толмаған ереже бұзушыдан түсінік алған кезде, оған адвокат немесе оның заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы) қатысуы тиіс. Ал олар болмаған. Бұдан басқа, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1 тармағы бойынша кәмелетке толмаған адамға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмауға және 10 АЕК-тен аспауға тиіс. Прокуратура ұйғарымы бойынша екі автоинспекторға сөгіс беріліп, баланың конституциялық құқығы қорғалған. Дегенмен, бала жолда бір нәрсе бүлдіріп үлгерсе ше? Қалай болғанда да, инспекторларға сабақ болды. Олар заңды сақтауы тиіс.

Лев ГУЗИКОВ

29 қыркүйек 2011, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.