Атырау, 28 желтоқсан 15:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Өзін-өзі күрекпен ұрған ұры

3 054 просмотра

Исатай ауданындағы жанар-жағармай бекеттерінің бірінің операторы қарақшылар шабуыл жасады деп алдап, кассадан 700 мың теңге тонаған.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 23 қыркүйек күні таңертең жұмысқа келген бекет менеджері кассаның ұрланғанын байқайды. Жанар-жағармай бекетінің ғимараты астан-кестеңі шығып жатқан, ал оператор әйел жұмыс орнында болмаған. Аудандық полиция мен облыс орталығынан келген жедел топ қызметкерлері іздеуге кірісіп, кешікпей жоғалған әйелді бекеттен бес километр жердегі даладан іздеп тауыпты. Әйелден соққы іздері анықталған.

Ол полицейлерге түнде шабуыл жасаған белгісіз төртеудің құрбанына айналғанын әңгімелеп берген. Бандылар оны ұрып-соғып, ақшасын тартып алып, далаға апарып тастап кеткен. Алайда жапа шегушінің жауабы жедел топ қызметкерлерін алаңдатқан. Жедел топты не нәрсе елең еткізгені айтылмайды, бірақ келесі күні оператор бекетті өзі тонағанын мойындаған. Тіпті, ол бүкіл ақшаны қайтарыпты. Бір қызығы, ол ұрып-соққан іздерді өз қолымен күректің көмегімен жүзеге асырған екен. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Лев ГУЗИКОВ

29 қыркүйек 2011, 19:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.