Атырау, 25 қараша 16:23
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жерорта теңізінде кеме апатынан 400 адам қаза тапты

1 702 просмотра

Image 0Жерорта теңізінде Ливиядан Италияға бағыт алған кеме апатынан 400 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Италия ақпарат құралдары Save the Children гуманитарлық ұйымының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, бұл хабарламаны апаттан тірі қалып, таяу күндері Италияға келіп жеткен адамдардан алынғанын хабарлап отыр. Қаза болғандардың арасында жастар өте көп, кәмелет жасына толмағандар да болуы мүмкін. Айта кетейік, қаза болғандар - Италияға заңсыз жолмен бара жатқан эмигранттар.

Save The Children ұйымының мәліметінше, 11-13 сәуір аралығында Сицилия, Лампедузе, Калибрия және Апуллиге 5 мың мигрант барған. Олардың ішінде шамамен 450-і балалар. Олардың 317-сі ересектерімен бірге қайықпен жүзіп барған.

Сонымен қатар, басылымда ауа райы қолайлы болса мигранттардың Еуропаға Жерорта теңізі арқылы оңай жете алатыны жазылған. Өткен демалыс күндерінің ішінде Италияның теңіз күзеті 7 мың адамды құтқарып алды.

Айта кетейік, өткен жылы Еуропаға 220 мың мигрант заңсыз кірген. Жыл басынан бері Еуропаға Жерорта теңізімен өткісі кезлген 3 мың адам суға кетіп өлді.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 сәуір 2015, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.