лматы. 15 сәуір. ҚазТАГ – Ауғанстанның шахталар және мұнай өнеркәсібі министрлігінің жоғарғы лауазымды өкілі елде жаңадан 1,4 мыңнан астам пайдалы қазба кеніштері ашылғанын мәлім етті, деп хабарлады Ауған телеграф агенттігі (АуТАГ).
Аталған мәлімдемені Абдул Кудоз Хамиди Кабулда, Геологтар күнін атап өткенде, жасады.
Оның айтуынша, ауғандық геологтар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, кеніштерді ашуда тамаша жұмыс атқарды, деп хабарлайды «Пажвок» ақпараттық агенттігі.
А. Хамидидің айтуынша, мұнайдың, көмірдің, алтын мен әр түрлі металлдар мен қымбат тастардың жаңа кеніштері ашылды.
Бірақ кейбір сарапшылардың пікірінше, ауғандық геологтардың рекордтық көрсеткіштері күмән тудырады.
Еске салсақ, американдық ғалымдардың есебінше, Ауғанстан үндістандық және Азияның субқұрылықтары түйіскен әлемдегі аса бай пайдалы қазбалар кеніштері орналдасқан жерде тұр.
Ауғанстан жерінде 60 млн тонна мыс, 2,2 млрд тонна темір кені, 1,4 млн тонна лантан, церий, празедоим сияқты сирек кездесетін элементтер мен алюминий, алтын, күміс, мырыш, сынап пен литий элементтерінің кендері бар.
АИР пайдалы қазбалар кенін 2010 жылы Пентагонның жұмыс тобы $908 млрд. деп бағалаған. Бірақ ауған үкіметінің бағалауынша ол $3 трлн.
Осы ресурстарды тиімді пайдалану ел экономикасын түбегейлі өзгертіп, жұмыс орындарын, инфрақұрылымдар ашып, Ауғанстанды кедейшіліктен, террорлық озбырлықтан шығаруы мүмкін, деп есептейді сарапшылар.
Дереккөз: ҚазТАГ