Тұрғын үй қалашығында сенбі күнгі арайлап атқан таңмен бірге бастамашыл атыраулықтардың күшімен жасыл көшеттерден жасалған лабиринт пайда болды.
Бұл қалалықтардың екінші әрекеті: өткен жылы қос құрбы Қарлығаш ЗЕРИЛОВА мен Анар ҚҰРМАНБЕКОВА бұл идеяны бұқараның талқылауына салған еді. Ал 2014 жылдың күзінде қыздар қалалық сәулет бөлімі мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінен өз жобаларына келісім алды.
Жазғы сахна маңындағы ауданы 40 та
- Күректер жерге батпай, арматура мен бетонға тиіп жатты. Сахнаны салғанда барлық құрылыс қоқыстарын жерге көміп тастаған екен, - дейді Қарлығаш. – Осыған байланысты біз жобаны келесі жылға қалдырдық. Биыл көктемде жұмысты қайтадан бастадық: ТКШ бөлімі бізге таңдауға бес учаске ұсынды. Біз ең қолайлы деген футбол алаңының қасындағы 30 да
Сенбі және жексенбі күндері қыздар мен олардың шақыртуына жиналған қалалықтар ағаш отырғызды. Өз лабиринттері үшін олар көп күтім талап етпейтін шегіршін ағашын таңдады. Қалалықтардың жинаған қаржысына барлығы 500 көшет алынды.
Ағаштарды отырғызған бойда оны қиып, суарды. Бірер күннен кейін тыңайтқыш беруді жоспарлап отыр. Содан кейін жолдарға қиыршық тастар төгіледі. Ал лабиринттің қақ ортасында балаларға арналған құм алаңын жасайды.
Қыздарға жоба басталғаннан бері кеңес беріп жүрген көгалдандырушы маман Болат МҰСАБЕКОВ дұрыс күтім жасалып, уақытында суарылып тұрса, жазда лабиринттің сұлбасын көруге болады деп отыр. Ал суаруды саябаққа күтім жасайтын кәсіпорын жүзеге асырады.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор