Атырау, 5 желтоқсан 08:48
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда ғана өтеді

2 313 рет қаралды

«Атырау» ДСК-нде облыс балабақшалары тәрбиеленушілері арасында спорттық-зияткерлік эстафетадан облыстық біріншілік өтті.


Қазақстанның басқа облыстарында мұндай жарыстар өткізілмейді, өйткені, осы қызықты ойынды Атырау дене тәрбиесін дамыту өңірлік орталығының қызметкерлері ойлап тапқан еді.

Бүлдіршіндер эстафетасы бағдарламасына гимнастикалық орындықта жорғалау, кубиктер арқылы сөздер құрау, қиын емес математикалық есептерді шығару енгізілген. Біріншілік қорытындысы бойынша 1-орынды Қызылқоға ауданының «Жасұлан» балабақшасы командасы, 2-орынды Атырау қаласының №43 балабақшасы алып, 3-орынды Исатай ауданының «Балдырған» және Индер ауданының «Балдәурен» балабақшалары бөлісті. Осы жарыспен қатар оқушылар арасында спорттық-зияткерлік эстафетадан облыс біріншілігі өтті. 1-орынды Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының мектебі алса, 2-орынды Исатай ауданының Абай атындағы орта мектебі иеленді. Үшінші орынды Атырау қаласының №20 мектебі мен Мақат ауданының Қанатбаев атындағы орта мектебі командасы алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

9 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.