Атырау, 5 қазан 14:16
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Аудан жаңалықтары

1 730 просмотра

Image 0Ер есімі - ел есінде

Махамбет поселкесіндегі Абай, Махамбет, Мырзағалиев, Есмағамбетов көшелеріне Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 80-ге жуық Ұлы Отан соғысы ардагерінің жеке фотосуреттері бейнеленген лайтбокстар ілінді (суретте).

Ол үшін бюджеттен 803 мың теңге қаржы бөлінген.

***

Жастар саябағы ашылады

Махамбет поселкесінде құрылысы өткен жылы басталған 4 гектар жерді қамтитын «Жастар» саябағын Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай бітіру көзделіп отыр.

Құрылысты «Өркен» ЖК-сы жүргізуде. Жобаның жалпы құны - 61 млн 971 мың теңге. Сондай-ақ, саябақта батыр Махамбет Өтемісұлына арналған алып ескерткіш орнатылмақ. Оның құны - 10 млн теңге.

***

Қызылқоғадағы зауыт

Қызылқоға ауданында индустриалдық-инновациялық бағдарлама аясында резіңке бұйымдарын өңдеу және шығару зауытын іске қосу жоспарланып отыр.

Жобаның жалпы құны - 91,8 млн теңге. Зауытта неміс технологиясы бойынша 36 түрлі өнім шығарылады деп күтілуде.

***

Бос жұмыс орындары

Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Бұл күні 26 кәсіпкер 40 адамды жұмысқа қабылдады. Оларға төленетін жалақының 70 пайызы бюджеттен бөлінсе, қалғанын жұмыс беруші төлейді.

Қызылқоға ауданында шағын бизнес нысандары-ның көбеюіне байланысты жаңа жұмыс орындары ашылуда. Мәселен, бүгінгі таңда ауданда жылыжайлар, наубайханалар және халыққа қызмет көрсету орындары ашылып, 57 жаңа жұмыс орны пайда болды.

***

...Қорада шу

Төл науқаны басталғалы Махамбет ауданында сиыр бұзаулап, қой қоздап, қорада шу болып жатыр.

Бүгінде аудан бойынша 800 қозы, 184 бұзау төлдеген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.