ИСИМ содырлары «аль-Байан» интернет-радиосында ағылшынша жаңалықтар тарата бастады, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Аль-Байан» бұған дейін араб және орыс тілдерінде хабар таратып келген еді. Радиохабардың ағылшын тіліндегі алғашқы санында лаңкестік ұйымның Ирак, Сирия және Ливияда жүргізіп жатқан жұмыстары, нақтырақ айтқанда, ИСИМ басшысының қазасы, Киркук қаласында өзін жарып жіберген лаңкес, Ливиядағы полицейлерге жасалған шабуыл сынды оқиғалар айтылған.
Бұдан бөлек, лаңкестер ай сайын Dabiq интернет-журналын шығарып отырады. Журналда содырлардың діні мен қызметі жайлы баяндалады.
2014 жылдың жаз айларында ұйым содырлары Ирак пен Сирияның солтүстік аудандарын басып алған болатын. Қазір олар елдің кей аудандарын, оның ішінде мұнай кен орындарын өз бақылауына алған.
Дереккөз: bnews.kz
8 сәуір 2015, 10:14
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.