Дүйсенбі күні кешке Чжанчжоу қаласы (Фуцзянь шығыс Қытай провинциясы) мұнай химия зауытында болған жарылыс пен өрт ксилол өндірісі бойынша құрылғыдан мұнайдың төгілуінен орын алды. Бұл туралы сейсенбі күні жарияланған өндірістегі қауіпсіздікті бақылау жөніндегі провинция басқармасының алдын ала қорытындысында айтылған, деп хабарлайды ТАСС.
Сарапшылардың пікірінше, төгілген мұнайдың өртенуі құрылғы жанында орналасқан үш резервуардың жарылысына әкелді.
Сол маңда орналасқан тұрғындар эвакуацияланды. Жарылыс болған жердің жанында орналасқан ауылдар ластанған жоқ. Оқиға болған орындағы аумағы шамамен гектарды құрайтын су арнайы су қоймасына жиналады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан 19 адам зардап шегіп, олардың алтауы ауруханаға жатқызылды.
Дереккөз: bnews.kz
7 сәуір 2015, 17:39
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.