Атырау, 22 наурыз 02:40
Таңертең ашық+8, күндіз +11
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.40  € 427.36  P 5.86

Көбелек баптаған көркем қыз

15 қыркүйек 2011 01:31

Көбелек ұшып келіп алақаныма қонған кезде, өзімді ертегідегі ханшайымдай сезіндім. Бұған тек романтикаға толы ән салғаным және менің әсем үніме еліткен бұлбұлдың иығыма қонып, сайрай жөнелгені ғана жетіспей тұр еді.

 

КӨБЕЛЕКТЕР ТҰМСЫҒЫМЕН ҚОРЕКТЕНЕДІ

– Егер қаласаңыз, тамақ беруіңізге болады, қарны ашып қалған шығар.

Әрине. Бірақ қалай тамақтандырам? Көбелектің ауызы қайда екенін түсініп болғанымша, Зергүл ЖАКИЕНОВА (суретте) епті қолдарымен көбелекті өзіне алып, бал суы қосылған тарелкеге жақындатты. «Ішкісі келмей тұр», - деді ол мұрнынан астынан күбірлеп. Содан соң көбелекке қарап: «Ішуің керек, сүйкімдім, әйтпесе әлсіреп қаласың ғой», - деді.

Көбелектер тұмсығы арқылы қоректенеді деп айтылған биология сабағына қатыспай қалған шығармын. Жарайды, ештеңе етпес. Көбелек ішкісі келмесе, демек, бір проблеманың болғаны. Оны қоректендіру үшін тіс шұқығышты пайдалануға тура келді. Оның көмегімен көбелектің иегінің астынан жіңішке тұмсығын тауып, тарелкенің түбіне қарай еңкейттік. Екі минуттай өткен соң ол ішуге мойынсұнып, содан соң қайтадан алақаныма қонақтап, мен кеткенше ұшып кетпеді. Шамасы, оған ұнаған сияқтымын.

 

АТЫРАУ – РОМАНТИКТЕР ҚАЛАСЫ

Зергүлдің әңгімесінен түсінге-німдей, көбелек өсіру өте күр-делі процесс екен. Дернәсілдерді көбелекке айналдыру үшін көп шыдамдылық пен екі аптадай күту керек. Арнайы жабдықтар мен орынжайсыз тағы болмайды. Осы уақыт бойына дернәсіл белгілі бір температура мен ылғалдылықта арнайы бір қалыпта орналасуы керек.

Ал егер жарыққа шыққан болса, дернәсілден шыққан кезде құлап кетпей, басын ұрып алмауын бақылаған жөн. Кем дегенде екі апта уақыт оны күн сайын тамақтандырып, күніне үш рет жуындырып, ұшуға мүмкіндік беріп, әлсіреп қалмас үшін жұқа майлықтан жасалған конвертке «ұйықтату» керек.

– Көбелектерді өсірумен айналыса бастағанда, жарты жылдай бұрын осы жәндіктер туралы қызықты нәрселерді біліп қана қоймай, адамдар туралы да қанық болдым. Қаламызда романтик қыз-жігіттердің көп екенін білгенде сондай таң қалдым, - дейді Зергүл.

Қыздың айтуынша, өз махаббатын және өмірлік серік болу ұсынысын үйреншікті тәсілмен білдіруді жастардың көпшілігі құп көрмейді екен. Қазіргі жастар мұны өмір бойына есте қалдыруға тырысатын көрінеді. Жақында ғана атыраулық жас жігіт сүйіктісімен танысқанына бір жыл толуына орай оған ерекше сыйлықты тарту етпек болған. Жүз бір раушан гүлімен қатар ол сүйіктісіне көбелектерден салют сыйлапты. Орта жасқа келіп қалған тағы бір жігіт әйеліне көлікті сыйға тартып, раушан гүлдерінің күлтелерін сеуіп тастауды өтінген. Көлік байланған үлкен банттың үстінде ұшып жүрген тропикалық көбелектер зайыбын үлкен шаттыққа бөлепті. Өйтпегенде ше...

Алайда күлкілі оқиғалар да орын алып тұрады. «Көбелектерді тамақтандырып болып, пәтер ішіне шамалы ұшсын деп жіберіп қойғанмын. Осы уақытта есептегіштегі көрсеткіштерді жазып алу үшін «Атырау Жарық» қызметкері келді. Айналасында ұшып жүрген көбелекті жиіркене қаққыштап, цифрларды жазып алды. Бөлмеден тағы екі көбелек ұшып шыққан кезде, ашуланып: «Сіз үйіңіздің ішінде күйе көбелектердің толып кеткенін байқамайсыз ба? Оны жоятын құралдарды сатып алуға болады ғой. Сұмдық!» - деді ашулана. Баспалдақтан түсіп бара жатқанда да ұзақ уақыт бойына күңкілдеген дауысы естіліп бара жатты.

«ӨЙТКЕНІ БҰЛ ЖӘНДІК!»

«Бір күні маған бір қыз телефон соқты. Інісі үйленбекші екен, ал соның алдында тек жігіттердің өздері бас қосуды жоспарлаған көрінеді. Менен көбелектерге playboy-қояндардың костюмдерін кигізуді өтінді. Мұның ақылға мүлдем қонымсыз екенін айтып, қызға ұзақ түсіндірдім. «Неге?» - деп таң қалады ол қыз. «Өйткені бұлар жәндік қой!»- деймін мен.

Клиенттерден көбелектер ауаға жас жұбайлардың аты-жөндерін, мәселен, «Нұрмахан мен Зарина» деп жазса деген өтініштер де түседі. Содан соң бірнеше уақыт ауада қалықтап, бақытты жас жұбайлардың қолдарына қонса дейді. Әрбір екінші клиент Зергүлден көбелектерге ауада жүрек пішінін салып, қалықтап тұруды үйретіңізші деп өтінеді. «Көбінесе оларға мұның мүмкін емес екенін түсіндіргеннен түк шықпайды. Қолма-қол ақшамен төлеймін деп айқай салған олар, басқа ештеңе естігісі де келмейді».

Негізінен көбелектерге той кезінде тапсырыс береді. Айтпақшы, жақын күндері Жайық өзенінің жағасында екі ғашықтың некелесу рәсімі болып өтті. Көбелектер сақина салу кезінде айнала ұшып жүріпті. Содан соң қалыңдықтың төгіліп тұрған көйлегіне қонып, көздің жауын алған екен.

Қоңырау соғушылардың арасынан жанашыр жандар да табылады. Олар Зергүлден қолындағы көбелектердің бәрін сатып алып, бостандыққа ұшырып жібергісі келеді екен. Атырау климатында тропикалық жәндіктің, оның үстіне тәрелке арқылы қоректеніп, қолға үйретілген жәндіктің бір күнге де шыдамай өліп қалатынын Зергүл де түсіндіруден жалықпайтын көрінеді.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

ДЕРЕК

Ежелгі ацтектердің аңызы бойынша, көбелектер біздің тілегімізді көкке жеткізеді екен. Егер оларға өз тілегімізді сыбырлап айтып, содан соң еркіндікке жіберсек, ол сөзсіз орындалатын көрінеді.

Көптеген елдерде көбелек әлі күнге дейін махаббаттың, бақыттың және амандықтың белгісі боп саналады.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

5319 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
formulasna.kz

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет