Атырау, 28 қараша 08:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Аудан жаңалықтары

1 794 просмотра

Асханаға оралу

Жылыой аудандық прокуратурасы «Сенімді құрылыс» ЖШС-де аспаздың көмекшісі болып жұмыс істеген, ІІІ топ мүгедегі Б. Нұртаеваның жұмыстан заңсыз шығарылғанын анықтады.

Мекеме басшылығы оны үш ай сынақ мерзімінен кейін жұмыстан босатқан. Ал, ҚР Еңбек кодексінің 36-бабы 5-тармағында көрсетілгендей, мүгедек жандарға сынақ мерзімі белгіленбеген. Нұртаева прокуратураның араласуымен жұмысына қайта оралды.

***

 

Отбасылық жағдайға байланысты

Жылыой ауданында 95 отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі тіркелген. Бұл туралы Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі Карина ИВАШКИНА мәлімдеді.

Жанжалға себепкер 47 адам уақытша қамалса, 5-eуі медиация тәртібімен жазадан құтылған, біреуіне айыппұл салынып, 12-не ескерту берілген. Ал, 36 адам өзара келісімге келген.

***

Таза болсын айналаң

Мақат ауданында екі ай санитарлық тазалық айлығы басталды.

Биыл ол үшін бюджеттен Доссорға - 6 млн, Мақатқа - 9 млн 500 мың теңге бөлінген. Бұл қаржы, сондай-ақ, тал отырғызу, гүлзарлар мен гүл егу жұмыстарына жұмсалатын болды.

***

 

Шегірткемен күрес

Индер ауданында  шегірткелерді улау жұмысы жоспарланды.

Итальяндық прус қаптаған 9 000 гектер жер және тағы 1 140 гектар жер залалсыздандырылады.     

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.