24 наурызда М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында гуманитарлық ғылымдар бойынша республикалық пәндік олимпиаданың ресми ашылу салтанаты өтті.
- Олимпиадаға еліміздің барлық өңірінің мектеп оқушылары, соның ішінде талантты балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардан, Назарбаев зияткерлік мектебінен және басқа да мектептерден барлығы 531 адам қатысады, - дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан ҚИРАБАЕВА (суретте).
Республикалық «финалға» ілікпес бұрын қатысушылар мектеп, аудандық, қалалық және облыстық іріктеу турларынан өткен. Олимпиада қорытындылары бойынша 1, 2 және 3-ші дәрежелі дипломдар алатындар білім беру грантын алу байқауына қатысуда (ҰБТ) айрықша құқыққа ие болады.
Олимпиаданың қазылар алқасының құрамында – көрнекті ғалымдар, ғылым докторлары, еліміздегі жетекші жоғарғы оқу орындарының: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, «Тұран» университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессорлары бар.
Олимпиада 5 күн болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор