21 наурызда «Судоремонтник» стадионында футболдан ел чемпионатының 4-ші туры аясында «Атырау» қазіргі чемпион – астаналық «Астана» клубымен кездесті.
Таңертеңнен бері жаңбыр жауып тұрды. Алаң шалшыққа айналып, ойын тоқтап қала берді. Ауа райының қолайсыздығы ойыншыларға комбинациялы футбол көрсетуге кедергі келтірді.
Жанкүйерлер күткен гол бірінші таймда соғылмады. 65-ші минутта қонақтардың шабуылы «Атырау» қорғаушысы Антон ГРИГОРЬЕВТЫҢ өз қақпасына доп салуына алып келді. Алаң қожайындары ойынды ұту үшін барын салып, екі минуттан соң табысқа жетті. Есепті Мақсат БАЙЖАНОВ теңестірді. Матч 1:1 есебімен тең түсті -.
Мұрат СУҰТАНҒАЛИЕВ