Атырау, 25 қараша 13:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бағдадидің түсі немесе лаңкестер Ирактан қашуға әзірленіп жатыр

2 127 просмотра

Ирак Күрдістаны демократиялық партиясының сайты «Әбу Бәкір әл-Бағдади көрген түсінен кейін барлық адамдарына Мосулдан шығуға дайындалуға жарлық берді» деп мәлімдеген. Бұл ақпарды «әл-Алам» арнасы да растаған.

Ирак ақпарат көздері «ИШИР содырлары жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің бұйрығымен Ирактың Мосул қаласынан қашуға әзірленіп жатыр» - деп хабарлады. Хабарламада Бағдади өзінің бұл әрекетін: «Пайғамбар (с.ғ.с.) түсінде оған дереу Мосулдан кетуге бұйрық берді», – деген уәжбен ақтап алғысы келген.

Бағдадидің түсі туралы хабар Мосул тұрғындары мен осы қаладағы ИШИР содырларының арасында тарағанымен әзірше олардың осы қаладан қашан шығатындықтары белгісіз. ИШИР соңғы апталарда Ирак армиясы мен халықтық ерікті күштер тарапынан ауыр шығынға ұшыраған болатын. Сонымен бірге, ИШИР лаңкестік тобының Ирактың солтүстігіндегі Салахуддин облысының орталығы Тикритте орнатқан тұзақтары мен көптеген жарылғыш заттарын тауып, көшелер, үйлер мен үкіметтік орталықтарға орнатылған осы жарылғыш заттарды залалсыздандыру үшін жылу камералы зымырандарын пайдаланғанын жергілікті билік қуана хабарлаған болатын. Қазіргі таңда ИШИР-дің жеңілгенін мойындаудан басқа амалы жоқ деп есептейді жергілікті билік өкілдері.

Дереккөз: bnews.kz

 

20 наурыз 2015, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.