Атырау, 25 қараша 13:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ИШИМ «Боко Харамның» антын қабылдағанын жария етті

1 644 просмотра

ИШИМ лаңкестік ұйымы Нигерия аумағындағы «Боко Харам» содырларының антын қабылдағанын жария етті.

Бұл туралы экстремистер өкілі таратқан аудиожолдауға сілтеме жасаған France-Presse агенттігі хабарлайды. Үнтаспада «Біз халифат аумағын Батыс Африкаға қарай кеңіткенін жариялаймыз, себебі біздің бауырларымыз адал болуға серт берді» делінген. «Боко Харам» ИШИМ-ге берілгені туралы антты 8 наурызда қабылдағанын мәлімдеген болатын. Айта кетейік, «Боко Харам» – батыстық білім үлгісіне қарсы шыққан және бүкіл Нигерия аумағында шариғат ережелерін енгіземіз деп жар салған лаңкестік ұйым.

Дереккөз: 24.kz

13 наурыз 2015, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.