Нью-Йорк тауар биржасында бейсенбі күні WTI маркалы (батыс техастық ашық түсті) мұнай бағасы 1,12 долларға (2,33%) арзандады. Сәуір айында оны жеткізуге фьючерстік келісімшарттар сауда-саттық соңында барреліне 47,05 доллардан бекітілді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Энергетика министрлігінің есебіне сүйенсек, АҚШ-та «қара алтын» қоры өткен апта ішінде 4,5 млн баррельге, яғни 448,9 млн баррельге дейін ұлғайды. Бұл соңғы 80 жылдағы ең үлкен көрсеткіш.
Бұған қоса, өткен аптада АҚШ-та мұнай өндіру тәулігіне 9,37 млн баррельге дейін өсті – бұл 1983 жылдан бергі ең жоғары деңгей.
«АҚШ-та мұнай өндіру одан әрі өсуде, шикізат қоры да ұлғаюда. Осыған байланысты нарықта әлі күнге дейін кері тренд сақталып отыр», - деп атап өтті Нью-Йорктің LPS Partners трейдингтік компаниясының сарапшысы Майкл Хили.
Дереккөз: bnews.kz
13 наурыз 2015, 09:06
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.