Атырау, 25 қараша 13:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей қорғаныс министрлігі: Украинаға әскер жібермедік

2 391 просмотра

Мурманск облысындағы әскери-теңіз флоты бөлімшесінің сарбаздары, Ресей. (Көрнекі сурет). Мурманск облысындағы әскери-теңіз флоты бөлімшесінің сарбаздары, Ресей. (Көрнекі сурет). Ресей қорғаныс министрлігі құқық қорғаушылардың Мурманск облысынан Украинаға келісім-шартпен қызмет ететін әскерилердің жіберіліп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Қорғаныс министрі орынбасары Николай Панковтың қолы қойылған жауап Ресей президенті жанындағы Адам құқықтары кеңесінің вебсайтында жарияланды.

Ақпан айында кеңес мүшелері Сергей Кривенко мен Элла Полякова қорғаныс министрлігіне Мурманск облысындағы №10554 әскери бөлімінен қаңтар айында келісім-шартпен қызмет ететін 50 әскеридің полигонға қыстық киімсіз жіберіліп, одан кейбіріне салқын тигенін хабарлаған. Полигондакомандир әскерилерге олардың Ростов облысына іссапармен жөнелтілетінін және көршілес Украина территориясында әскери тапсырмаларды орындауы мүмкін екенін айтқан.

Вице-министрдің мәлімдемесінде бөлімнің бір де бір әскери қызметкері құқық қорғау ұйымына шағымданбағаны айтылады. Панков бұған қоса далалық жерлердегі жаттығулардың Украинадағы әскери іс-қимылдармен байланысы жоғын, ол жаққа ресейлік әскерилер жөнелтілмегенін айтқан.

Украина мен батыс елдері Ресейді Донбасстағы сепаратистерді қару-жарақпен және әскери күшпен жабдықтап жатыр деп айыптайды. Мәскеу оны жоққа шығарады.

Наурыз айының басында ресейлік «Новая газета» басылымы бурятиялық танкистің сұхбатын жариялаған. Сұхбатта танкист танк батальоны құрамында Дебальцево түбіндегі ұрысқа қатысқанын айтқан. Оның сөзінше, әскерилер танктердің нөмірлерін Улан-Удэ қаласында бояп, пойызбен Ростов облысына жөнелткен.

Дереккөз: Азаттық радиосы

12 наурыз 2015, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.