Сирияның Түркиямен шекарасында босқындар лагерінде тұрып жатқан сириялық балалар. Желтоқсан, 2014 жыл. БҰҰ жанындағы Сирия саяси зерттеулер орталығы Сириядағы соғыс осы ел халқының 80 пайызын кедейлікке ұшыратты деп хабарлады.
Орталық даярлаған есепте Сирия тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы да 20 жылға азайғаны айтылады.
2011 жылдың көктемінде басталған соғыстан келген экономикалық шығын 200 миллиард АҚШ долларына жетіп, Сирия экономикасы күйреген.
Орталық соғыстан инфляция жоғарылап, жұмыссыздық деңгейі артқанын айтады.
Баяндамада гуманитарлық көмек көрсету ұйымдары 2014 жыл Сирия үшін ең ауыр жыл болғанын, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия дағдарысын реттеу жөніндегі үш қарары да қабылданбай қалғанын мәлімдеген. Сирияға көрсетілетін гуманитарлық қаржы бөлу де азайып кеткен.
Дереккөз: azattyq.org