Атырау, 23 қараша 10:46
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бағы жанбай жанып кеткен монша

5 909 просмотра

Индербор поселкесіндегі қырық орындық орталық моншаның жыры таусылмай тұр.

Бұл монша салынғаннан бері көрмегені жоқ. Бюджеттің қаржысына салынғанымен нақты иесі табылмай, ешкімге керексіз болып қалған да кезі болғанын индерліктер ұмытқан жоқ. Билік халықтың сұранысындағы моншаны аша алмай, жеке кәсіпкерлерге тықпалаумен болды. Тіпті бір жеке кәсіпкер алып, тек жиырма орнын пайдаланып бәлен жылғы құлпын ашқан болатын. Бірақ моншадан түскен табыстар оны жөндеуге жетпейтін. Оның үстіне монша құжаттары  дұрыс болмай, тіркеуде жоқ болып шықты. Өткен жылы әкімдік «Индер Келбет» ЖШС нің жұмысын жандандыру мақсатымен жеке кәсіпкермен ортадағы келісім шартты бұзып, серіктестікке алып берді. Моншаны жөндеу ісіне облыстық бюджеттен 3 млн. теңгенің үстінде қаржы бөлінді. Бірақ бұл қаржы өткен жылы игерілмей, биыл іске асқан еді. Сонымен монша жөндеу ісін серіктестік бірнеше айларға созып, есігін ашқандай болған. Жұмыс жасағанына бес күн болмай жатып, моншаның бір бөлегі өртеніп тынды.

- Тексере келе моншаның жануы жұмысшылардың жауапсыздығынан болғаны анықталды. Олар қыздыру пешін жағып кеткен. Шындығына келгенде монша жөндеуден кейін заңды түрде қабылданбаған болатын. Қыздыру пешінің құрылымдары моншаға сәйкес емес еді. Осыған қарамастан қабылдаудан өтпей тұрған моншаны ашу қандай қажеттіліктен туғаны белгісіз, - дейді аудандық ТЖ бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ізбасар САҚЫПҚАЛИЕВ.

- Ал шығын анықталды ма?

- Оны «Индер Келбет» ЖШС-нің бастығы Марат БАЙДЕШОВ анықтап бізге беруі керек еді. Бірақ ол еңбек демалысына шығып кетіпті.    

 

PS. Монша жырына құқық қорғау органдары бей-жай қарамайды деген ойдамыз. Себебі, биресми ақпарат бойынша әдейі өртенген деген сыбыстар да жоқ емес.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор 

8 қыркүйек 2011, 21:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.