Атырау, 25 сәуір 15:57
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бақылау-кассалық машина болуға тиіс

5 168 просмотра

Алкоголь мен мұнай өнімдерін өткізушілерге арналған онлайн-мәлімет жіберетін бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдану мерзімі 2015 жылдың 1 шілдесіне шегерілді. Ал арнайы салық режимдерін қолданатын кәсіпкерлер 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін POS-терминалдар орнатуы тиіс.
Бұл туралы Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы  Айгүл РЗАҒҰЛОВА салық төлеушілерге арналған семинарда хабарлады. Бұдан бұрын кәсіпкерлер 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап БКМ қолдана бастайды деп жобаланған болатын. Алайда аталмыш мерзімде алкоголь мен бензин өткізушілердің барлығы бірдей жабдықтарды орнатуға дайын болмады. Оның үстіне бұл мерзімде бизнес субъектілерін тексеру мораторийі жұмыс жасап тұрды.
БКМ-мен жұмыс істеу кезінде кәсіпкер алатын қолма қол ақша сомасы бақылау-кассалық машинаға енгізіледі. Одан онлайн-режимде мәліметтер фискалды мәліметтер операторының серверіне жолданады. Ол жерде түзілген бақылау чегіне бірегей нөмір беріледі. Бірегей нөмір БКМ-ға түскеннен кейін бақылау чегі басылып, сатып алушыға беріледі. Бұл жүйені енгізу алкоголь мен мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымын едәуір төмендетіп, тұтынушылар құқығын қорғауға мүмкіндік береді деп жобаланып отыр. Әрине, аумағында телекоммуникациялық желілер жоқ нүктелерге БКМ орнату талаптары қолданылмайды. POS-терминалдарға келер болсақ, төлем кәртішкелерімен төлем қабылдауға арналған құрылғылар қолданылатын жекелеген қызмет түрлерінің тізімінде компьютерлер мен тұрмыстық аспаптарды жөндеу, жеке күзет қызметтерінің қызметі, бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет, салық салу бойынша кеңестер, құқық саласы мен турагенттіктер жоқ.
Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.