Атырау, 24 сәуір 09:08
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Іскерлік кеңес

3 426 просмотра

27 ақпанда Атырау облысында екінші аудандық Кәсіпкерлерді қолдау орталығы (КҚО) ашылды. Индербор поселкесіндегідей Мақаттағы КҚО да "бірыңғай терезе" принципі бойынша жұмыс істейтін болады.
Жаңа орталыққа алғашқы келушілердің бірі Алтын ЖӘРДЕМОВА. Ол бірнеше жылдан бері тағам саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Өндірісті кеңейту таяудағы жоспарында бар. КҚО-да кәсіпкерге қызмет етуші бизнесті кеңейту үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес берілді.
– Кәсіпкерлердің сұрақтары аз емес. Әрине, енді барлық қажетті ақпарат пен көмекті жергілікті деңгейде ала алатынымыз қуантады. Орталықтың арқасында көп кешікпей біздің ауданымызда кәсіпкерлік субъектілерінің саны едәуір көбейеді деп ойлаймын, - деп атап өтті А. Жәрдемова.
Бүгінгі күні КҚО-да істерін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан бизнесмендерге екі маман қызмет көрсетеді. Бірі заңды көмек көрсетсе, екіншісі бизнесті мемлекеттік қолдаудың барлық түрлері, банк қызметтері, техникалық шарттарды ресімдеу бойынша кеңес береді. Кешікпей штатқа тағы екі қызметкерді - салық және кедендік мәселелер бойынша кеңес берушілерді қабылдайды.
Бүгін, 3 наурызда тағы бір КҚО Жылыой ауданының Құлсары қаласында ашылады.
КҚО мекен-жайлары мен байланыс телефондары: Мақат ауданында – Мақат п., Сәтпаев даңғылы, 73, тел.: 8 (712) 393-12-76; Жылыой ауданында – Құлсары қ., Әбдрахманов көшесі, 27, тел.: 8 (712) 374-82-25.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі ұсынды

4 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.