Атырау, 23 қараша 09:28
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Гранттық қолжетімділік

2 602 просмотра

Аз қамтылған отбасылардан шыққан мүгедек балалар мен балалар үйінің шәкірттері үшін арнайы орта немесе жоғары білім алу енді Е. Татишев атындағы «Ержан» Қоғамдық Қорының гранттық бағдарламалары арқасында қолжетімді болуы мүмкін.

Е. Татишев атындағы қордың қаржылық-экономикалық мамандықтар бойынша бакалавр дәрежесін алуға арналған білім гранттары бағдарламасы мектептер мен колледждердің аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ балалар үйінің шәкірттеріне жоғары білім алуға қолдау көрсетуге арналған. KIMEP, ALMA (бұрынғы Халықаралық Бизнес Академиясы) және Сулейман Демирел атындағы университет оқығысы келетін жоғарыда аталған санаттардағы балалар грант алу үшін өз күштерін сынай алады. Балалар үйінің шәкірттері өтінімдерді қарау мен байқаудың финалдық кезеңіне шыққандарды бекіту кезінде басымдыққа ие болады. Қор бөліп отырған білім беру гранты аталған жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын, ай сайынғы стипендия, қалада тұрмайтын студенттер үшін жатақхана ақшасын, басқа қаладан келген студенттер үшін жылына бір рет оқу орнына дейін және кері жолақысын төлеу шығындарын жабады.

Екінші бағдарлама аз қамтылған отбасыдан шыққан және орта білімі бар мүгедек балаларға еліміздегі кез келген колледж бен орта арнайы оқу орындарынан арнайы білім алуға гранттар ұсынады. Бұл бағдарлама бойынша грант та оқу ақысын, ай сайынғы стипендияны және қалада тұрмайтын студенттер үшін жатақханада тұру ақысын жабады.

- Біздің гранттық бағдарламаларымыз іске қосылған 2007 жылдан бері 45 жас адам орта арнайы және жоғары білім алды. Өкінішке орай, Атырау облысының талапкер жастары грант алуға белсенділік танытпайды. Мүмкін, балаларды біздің әріптес оқу орындарымыздың қашықтығы қорқытатын шығар, әлде осындай білім беру грантын алу мүмкіндігі туралы білмей ме екен?- деп атап өтті Е. Татишев атындағы Қордың бағдарламалық үйлестірушісі Әлия СЛАНОВА. – Біз Атырауда білім беру грантарын алу байқауларына қатысып, білімдерін сынап, Қазақстанның беделді оқу орнындарында сапалы білім алғысы келетін талантты жастардың көп екеніне сенімдіміз. Гранттық бағдарлама бойынша мүгедек жас адамдар үшін Атыраудағы, сондай-ақ басқа жерлердегі кез келген арнайы орта оқу орындарын таңдауға болады.

Байқауға қатысу туралы өтінімдер 10 сәуірге дейін қабылданады. Қажетті құжаттар, өтінім нысаны және басқа да егжей-тегжейлерді қордың www.tatishevfoundation.kz сайтынан білуге болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

4 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.