Атырау, 6 желтоқсан 01:42
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мұсылман мемлекеті Африканың 30 елін сумен қамтамасыз етті

2 950 рет қаралды

Өткен жылы Катар мемлекетінің қайырымдылық шаралары жөніндегі Бас ұйымы Африка құрлығының 30-дан аса елінде жалпы саны 632 сумен қамтамасыз ету құрылғыларын орнатуды қолға алған еді. 1 300 000 жанды тіршілік көзімен қамтамасыз еткен бұл жобаға жалпы көлемі 2 500 000 АҚШ доллары жұмсалған.

 Аталмыш ұйымның директоры шейх Хамад Абдул-Кадердің айтуынша, Африка құрлығында жергілікті халыққа түрлі көмек көрсететін 14 катар миссиясы бар көрінеді. Африкалықтар үшін қазіргі таңда басты мәселе – ауыз су тақырыбы болып тұр. Оның үстіне, соңғы жылдары құрлықтағы қуаңшылық апаттары да жиілеп кетті.

Сарапшылардың болжамы бойынша, қара құрлықта 2020 жылы 250 млн жан ауыз су тапшылығына ұшырайтын көрінеді. Су көздеріне талас-тартыстың соңы азаматтық немесе мемлекетаралық соғыстарға алып келуі ммкін дейді сарапшылар.

Дереккөз: muslim.kz

3 наурыз 2015, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.