Алматы. 3 наурыз. ҚазТАГ – 2013 жылы сәуірде Бостон марафонында теракті жасаған деп айыпталып отырған Джохар Царнаевтың адвокаттары дүйсенбі күні сотты Бостоннан АҚШ-тың басқа қаласына ауыстыруды төртінші рет өтінді, деп хабарлады ресейлік ТАСС агенттігі.
Осы іс бойынша соңғы алдын ала қорытынды сот отырысында берген өтініште жақтаушылар жағы төртінші өтініш айыпталушының адвокаттарының оның үстінен сот Бостонда өтуіне үзілді-кесілді келіспейтінін қадап айтады. Олар сот Бостонда өтетін болса, Бостон тұрғындарының оған алдын ала айыптау көзқарасымен қарайтындығынан, сот әділ болмайтындығын атап көрсетті. Олардың айтуынша, алқа билеріне үміткерлердің 70%-ы ол жігітті теракті жасауда айыпты деп санайтындықтарын айтыпты. Бірақ осы істі жүргізуші судья Джордж О'Тул ол уәжді теріске шығ арып, ол бейтарап алқа билерін іріктеп алатындығына сендірді.
Алқабилерінің төрелерін іріктеу аяқталды, және Царнаевтың адвокаттарының төртінші өтініші қабыл алынбаса, онда 4 наурызда айыптау жағы мен қорғаушылар өздерінің кіріспе сөздерімен сөз сөйлеуге кіріседі.
Бұрын хабарланғандай, 15 сәуірде Бостонда марафон кезіндегі екі жарылыстың салдарынан 3 адам қаза тауып, түрлі мәліметтер бойынша 260 –тан астам адам зардап шекті. Аралығы 20 секундтық екі жарылыс жарты миллионға жуық адам жиналған жыл сайынғы бостондық марафоннның соңында орын алған.
Теракті жасағаны үшін күдікті 19 жасар Джохар Царнаев жараланып, қамауға алынды. Екінші күдікті – ұсталғанның туған ағасы Темірлан Царнаев – атыс барысында қаза тапты.
Царнаев өзіне тағылған айыптың 30 тармағының бәрін мойындамай отыр. Прокурорлар оны өлім жазасына кесуді сұраса, адвокаттар өмір бойына қамауға кесуді сұрауда. Барлық процесс, судьялардың есебінше, 3-4 ай уақыт алады.
Дереккөз: ҚазТАГ