Атырау, 25 қараша 12:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ердоған: "Путин мен Обама Қарабақ мәселесін шешуге құлықсыз"

1 581 просмотра

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Ресей мен АҚШ президенттерін Қарабақ мәселесін шешуге құлықсыздық танытып отыр деп айыптады. Бұл жайында Haberler хабарлайды.

"Бұл тақырыпты бірнеше рет көтергем. Олар өздерінің қызығушылық танытқандығын айтып, бірақ іске келгенде ешқандай әрекет жасаған жоқ" дейді Ердоған.

Оның айтуынша, егер Вашингтон мен Мәскеу бұл проблеманы шешкісі келіп, әрекет жасаса Қарабақ мәселесі бұрында-ақ қалпына келер еді деп жазады Trend басылымы.

Ердоған сондай-ақ, Ереван Әзірбайжанға "басып алған" жерін қайтармағанша Армениямен арадағы шекараны ашпайтындығын мәлімдеді.

Айта кетейік, 1994 жылы Ресейдің арағайындық етуімен Әзірбайжан, Армения және мойындалмаған Таулы-Қарабақ Республикасы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойған болатын. Аймақтағы жағдайды реттеу үшін құрамына Мәскеу, Вашингтон және Париж кіретін ОБСЕ-нің Минсктік тобы да аралсқан еді.

Негізгі халқы армяндардан құралған Таулы Қарабақ 1990 жылдың басында Әзірбайжаннан тәуелсіздігін алған болатын. Баку өз территориясын күшпен алғысы келгенімен мұнысынан түк шыққан жоқ.

Дереккөз: Baq.kz  

2 наурыз 2015, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.