Атырау, 28 қараша 06:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Қолдаушыларды» айыппұл қорқытпайды

2 296 просмотра

2014 жылы Атырау облысында 191 лауазымды тұлғаға мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзғандары ұшін айыппұл салынды.

Облыс прокурорының көмекшісі Нұрсұлтан САППАЕВТЫҢ айтуынша, заң бұзушылардың көп бөлігіне ҚР ӘҚжК-ның 207-бабы 12-тармағы («Тапсырыс берушінің жеткізушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгiнбеуi немесе уақтылы жүгiнбеуi») бойынша айыппұл салынды. Айыппұл 30 АЕК-ті құрайды (1 АЕК 2015 жылы 1982 теңгені құрайды – М.С.).

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға сәйкес, өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жеткізушінің шоттарынан мемлекет пайдасына тұрақсыздық төлемі өндіріліп алады. Тұрақсыздық төлемін өндіру шараларын тапсырыс беруші қаржылық жылдың аяқталуына 10 күн қалғанға дейін қабылдауы тиіс. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 11-бабына сәйкес, тапсырыс беруші заң бұзушылықтар туралы білген сәттен 30 күн ішінде сотқа тапсырыс берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа шағымдануы керек. Осы уақыттың өтіп кетуі соттың шағымды қанағаттандырудан бас тартуына негіз бола алады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 наурыз 2015, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.