Атырау, 21 мамыр 16:46
 ашықВ Атырау +18
$ 511.59
€ 575.28
₽ 6.33

Теңіздегі суицид

2 815 просмотра

1 наурыз күні кешке Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығында «НСС» ЖШС жұмысшысы өзіне өзі қол салды.

Оны көршісі тауып алған, ол өзінің жатақханадағы бөлмесінде екіқабатты керуетке асылып тұрған. Оны бірден ТШО-ның клиникасына жеткізіп, медициналық көмек көрсетілген, өкінішке орай, оны құтқарып қалу мүмкін болмады.

Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВТЫҢ айтуынша, өзі-өзіне қол жұмсау себебі анықталуда, бөлмеде өлер алдында жазып қалдырылатын ешқандай хат табылмаған.

Осы факт бойынша әзірге ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған, тергеу алды тексеру жүріп жатыр.

Бейресми дерек бойынша, суицидтің орын алуына сүйіктісімен ұрысып қалуы себеп болуы мүмкін деген бір болжам бар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 наурыз 2015, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.