1 наурызда Атырауда Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығына арналған бұқаралық спорттық жүгіру өтті.
Облыстық спорт басқармасының басшысы Нұржан ЕРМҰХАНОВТЫҢ айтуынша, Атырауда жүгіруге 5 мыңнан аса адам жиналған. Осындай іс-шаралар облыстың жеті ауданында да өтіп, оған 20 мың адам қатысқан.
Атырауда «денсаулық қашықтығы» 2 шақырым 950 метрді құрады. Жүгіруге белсенді қатысқаны үшін №15 мектептің 3-сынып оқушысы Алтынбек Әнуарбек, Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дің 73 жастағы оқытушысы Жақсылық Рашбаев, облыстық ТЖ департаменті басшысының орынбасары Сәлімғали Салықбаев Қазақстан ассамблеясы Атырау филиалының дипломдарымен марапатталды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ