Атырау, 25 қараша 12:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

М.Горбачев: Немцовты өлтірудегі басты мақсат – Ресейдің ойранын шығару

2 405 просмотра

КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев әйгілі саясаткердің өліміне қатысты пікірін білдірді. Оның ойынша, Борис Немцовты өлтірудегі басты мақсат – Ресей қоғамында тұрақсыздық орнату, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Қазір Немцовтың өліміне қатысты кінәліні атауда асығыс шешім шығарудың қажеті жоқ, ең бірінші істің ақ-қарасын ажыратып алуымыз керек. Күшке саламыз деп елдегі онсыз ушығып тұрған ахуалды одан сайын шиеленістіріп алуымыз мүмкін. Қылмыскерді табуымыз керек. Өздеріңіз білесіздер мұндай ірі тұлғаларды ұсақ-түйек қылмыскерлер емес, жүрек жұтқан әккі адам ғана өлтіре алады. Бұл қылмыскерді адамды табу оңайға соқпайды. Дегенмен, нағыз қанішерді атабу үшін қолдан келгенді жасауымыз керек», - дейді Горбачев.

Сонымен қатар, экс-президенттің айтуынша, Ресейге жаны қас сыртқы күштер бұл жағдайды өз мүдделері тиімді пайдаланып кетуі мүмкін. Себебі, олардың бар мақсаты Ресей қоғамында дүрбелең тудырып, билігіміздің ойранын шығару.

«Бористің қазасы барлығымыздың жанымызды жаралады. Ол еліміздің ілгерілеуіне ерен үлесін қосқан айтулы тұлға. Ең бастысы – ол адамгершілігі өте мол адам еді», - дейді КСРО-ның экс-басшысы.

Дереккөз: bnews.kz

28 ақпан 2015, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.