Атырау, 28 қараша 06:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазына миллиардтарын жоғалтып жатыр

2 222 просмотра

25 ақпанда облыстық прокуратурада Әкімшілік айыппұлдарды төлету мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Өткен жылы облысымыздың бақылаушы органдары жалпы сомасы 15 млрд теңге айыппұл салу туралы 108 мың қаулы шығарды. Олардың 2 млрд теңгесі жергілікті бюджетке әлі өндірілмеген. Облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы Гүләнда ҚЫСТАУБАЕВАНЫҢ айтуынша, 55 шетелдікке қатысты көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін шығарылған қаулылар орындалмаған. Сот орындаушыларға қажетті құжаттар келіп түскенше, қонақтар елден кетіп үлгерген.

Жақсы жұмыс жасауға ынталандыру үшін Қыстаубаева сот орындаушыларға сыйақылар тағайындап, қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын беріп, тұрғын үй жағдайларын жақсарту керек деп ұсыныс берді. Кездейсоқ жомарттық ишарасын кеңес мүшелері мақұлдай қоймады.

Отырыс барысында ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Марат АХМЕТЖАНОВ қазіргі уақытта төрт сот орындаушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатырғанын айтты. Қыстаубаева осылардың екеуінің қылмысын қызметтік тексеру кезінде өзінің әріптестері ашқанын атап өтті. Бұл сот орындаушылары шығыс құжаттарына жалған деректер енгізген екен.

ІІД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Руслан ӘДІЛОВКЕ облыс прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ былай деп сұрақ қойды:

- Өткен жылы өз еркімен айыппұл төлеген 115 жүргізушіге мәжбүрлеп төлету үшін сот орындаушылары жіберілген. Неге?

- Бізде ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің компьютерлік деректер базасымен байланыс жоқ...- деп жауап берді Әділов.

Полиция басшылығына уәжін айтар мүмкіндікті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мендіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ та жібермеді:

- Жедел медициналық жәрдем станциясының көліктеріне айыппұл салуды тоқтатыңыздар. Күні кеше тоғыз айыппұл төлеу туралы хабарламалар келді...

Президиумда отырғандардың біреуі хабарламалар күшін жойғаны туралы мәлімдеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

28 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.