21 ақпанда Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында корей этномәдени орталығы Сольналь мерекесін – ай күнтізбесі бойынша Жаңа Жылды атап өтті. Барлық ниет білдірушілер шақырылды.
Мәдениет сарайының фойесінде меймандарды корей ұлттық мәзірлер – буға піскен пигоди, ақ маржан күріш чимпенилері, тәтті қытырлақ кадюрилер күтіп тұрды. Ниет білдірушілер роллдар әзірлеу бойынша және корей каллиграфиясының мастер-класстарына қатысып, сондай-ақ, ұлттық корей ойындарын ойнай алатын еді.
Осыдан кейін меймандарға «Саранг» хорының, «Самульнори» барабаншылар ансамблінің, басқа этномәдени орталықтар ұжымының өнерпаздарының қатысуымен концерт бағдарламасы ұсынылды. Алуан түрлі нақыштағы ұлттық костюмдер, түрлі тілдердегі әндер – мұның бәрі көпұлтты Қазақстан халқының ынтымақтастығын тағы бір дәлелдеді.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор