Атырау, 5 қазан 00:19
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Нашақорларды қорқытты

2 116 просмотра

Облыстық Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығында ВИЧ тақырыбын талқылау барысында нашақорлық мәселесіне үлкен көңіл бөлінді.

Облыстық наркологиялық диспансердің нарколог-дәрігері Светлана СТАМОУСОВАНЫҢ айтуынша, бүгінде диспансерде 748 есірткі заттарын қолданушылар есепке алынған. Шынайы ахуалға назар аударсақ, егілетін нашақорлар саны төмендегенмен, трамадол, тропикамид және т.б. таблеткалық препараттарды қолданушылар көбейіп келеді және бұл жасөспірімдер мен 20-30 жас аралығындағы жас адамдар арасында көп кездеседі. Мұндай дәрі-дәрмектер рецепт бойынша жіберілуі керек, алайда дәріханаларда кейде мұны сақтай бермейді. Трамадол жүйке қоздырғыштарға да, прекурсорларға да жатпайды, алайда көбірек қолданғанда бас айналып, елес пайда болып, қалшылдатады. Наркологтар кездесуге қатысқан мамандарға жасөспірімдер арасында түсініксіз жағдайда қалшылдау ұстамаларының пайда болуына аса назар аударуға кеңес берді. Мұндай жағдайларда олар трамадол пайдаланып жүрулері мүмкін. Көптеген жасы кіші нашақорлардың медициналық бетшесінде белгісіз ұстамалармен жедел жәрдем шақыртылған деген жазбалар бар. Желтоқсан айында наркологиялық диспансерде 14 жастағы екі қыз бала ем алды, олардың біреуі 11 жасынан бастап трамадол қабылдаған екен.

Өткен жылдың сәуірінен бастап жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық комиссиядан өтетіндер міндетті түрде зәр құрамында есірткі заттары барлығы бойынша тесттен өтеді. Күніне шамамен 250 адамдай тестілеуден өтеді және екі-үшеуінде міндетті түрде оң нәтижелер тіркеледі, - деп атап өтті наркологтар. Осындай оң нәтижелерге ілінбес үшін адамдар түрлі қулықтар жасап бағады. Мысалы, өздерінің орнына түрлері ұқсас туыстарын жібереді.

- Бірнеше апта бұрын мынадай жағдай болды: жас адам ағасының орнына тест тапсыруға келіпті. Жастары әр түрлі болғанымен, түрлері ұқсайды екен. Тағдырдың тәлкегі ме, тапсыруға келген адамның нәтижесі оң болып шықты. Содан кейін жүргізуші куәлігін алатын жігіттің өзі келіп, оның нәтижесі таза шықты. Сондықтан да біз мұндай тестер жүргізгенде мұқият болуымыз керек. Әсіресе, сыбайлас жемқорлықпен, басқа да заң бұзушылықтармен күресуге арналған түрлі органдардың қызметкерлері келгенде көңіл күйіміз түседі. Олар есікті теуіп ашқандай кіріп, қарсылық білдіріп жатады: қандай негізде мен тест тапсыруым керек, «мен осындай адаммын, мен анда жұмыс жасаймын», - деп қоқан-лоқы да көрсетеді. Алайда бізге адамдардың барлығы бірдей, - дейді Светлана Страмусова.

Ол сондай-ақ, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа ҚР Қылмыстық кодексінде есірткі заттарды сақтау және таратуға ғана емес, қолданғаны үшін де жаза қарастырылған. Алайда онда «қоғамдық орында» деп жазылған. Наркологтардың айтуынша, нашақорлар қорқақтау болып келеді, олар енді сақтанамыз деп бізден көмек алуға да келмеулері мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 ақпан 2015, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.