Атырау, 5 қазан 00:20
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жалған дипломды жаттықтырушы

2 627 просмотра

Аққыстау поселкесіндегі балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы екі жыл бойы жалған дипломмен жұмыс жасап келген. Бұл туралы Исатай ауданы прокуроры Мақсат ЕРМЕКОВ хабарлады.    

Оның Қазақ спорт және туризм академиясын «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітіргендігі көрсетілген дипломды 2012 жылы Атырауда бейтаныс біреуден 300 000 теңгеге сатып алғандығы белгілі болды. Ол Аққыстаудағы спорт мектебінде баскетболдан жаттықтырушы болып жұмыс істеген, сондай-ақ, орта мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ беріп келген екен. Бүгінде оның үстінен ҚР ҚК 385-бабы 3-тармағы («Көрiнеу жалған құжатты пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 ақпан 2015, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.