Атырау, 28 қараша 06:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бұзу керек пе, сату керек пе?

2 842 просмотра

Фото Фото "АЖ" мұрағатынан алындыӨткен аптада облыстық газеттерге облыстық құрылыс басқармасының келесі мазмұндағы хабарландыруы шықты:

«Құрметті облыс азаматтары мен кәсіпкерлері! Атырау облыстық құрылыс басқармасы 10.09.14 жылғы №309 облыстық мәслихаттың V шақырылымы сессиясының шешіміне сәйкес аяқталмаған «Атырау қаласындағы заманауи өнер музейі мен көрме залы бар 1 200 орындық концерт залы» құрылыс нысанын әрі қарай пайдалану жөнінде, атап айтқанда, өтеуін төлеп алу, мемлекеттік-жеке серіктестік, нысанның мақсатын өзгертіп ЖШС құру, нысанды сенімді басқаруға беру жөнінде сіздерден ұсыныстар күтеді және барлық нұсқаларды қарап шығады».

Алайда концерт залын күреуді жоспарламап па еді? Атап айтқанда, 2013 жылдың желтоқсанында облыстық мәслихаттың ХІХ сессиясында облыс әкімінің орынбасары Тимуржан ШАКИМОВ сараптама қорытындысы бойынша темір-бетон құрылымы мен металл күмбездің 90 пайызын бұзу керек деп хабарлаған болатын Иесіз нысандар немесе Cнабойлстройдың аяқталмаған кешендерінен не қалды?», «Күмәнді күмбез»).

Біз құрылыс басқармасына сауал жолдадық. Басқарма бастығы Елтай ҒАЛЫМЖАНОВбылай деп жауап берді:

«Мердігер компания “СнабОйлСтрой” ЖШС нысанды 2012 жылдың желтоқсанында тапсыруы тиіс болатын. Оны салу құны 4 млрд 341 млн 447 мың теңге тұрады. 27.12.12 жылғы сот сараптама институтының қорытындысына сәйкес, орындалмаған жұмыс көлемі 1 млрд 1 млн 263 мың 561 теңгені құрады. Қаржының артық төленуі себепті құрылыс тоқтатылды. Тұрғызылған құрылыстың болат және темір-бетон құрылымдарының жоба шешімдеріне сәйкестігіне «Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты» 2013 жылдың шілдесінде тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелеріне сәйкес, ғимараттың салмақ түсетін құрылым элементін күшейту және қалпына келтіру жаңа ғимарат құрылысына пара пар келетін едәуір материалдық шығындарға байланысты болды. Мұнда талап етілетін құрылыс нормалары бойынша ғимарат құрылысының салмақ түсетін қасиетіне бәрібір қол жеткізілмейді.

Құрылыс кезінде жіберілген ақауды ескере отырып, ғимараттың құрылымдық шешімін жоба шешімінің талаптарына сай келтіру үшін ұсыныстар қорытындысында көрсетілгендерді – жекелеген құрылымдарды бұзуды орындау керек.

Облыстық мәслихаттың V шақырылымының 24-сессиясының 10.09.14 жылғы шешіміне сәйкес, құрылыс басқармасына қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін құрылыс ақауын бұзуға және құрылысы аяқталмаған ғимаратты әрі қарай пайдалану туралы ұсыныс енгізуге тапсырма берілді».

«АЖ»-ға құрылыс басқармасындағылар хабарлағандай, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін құрылыс ақауын бұзу орындалмаған. Ең бастысы осы болатын. Бұл бап бойынша ақшалар облыс бюджетіне әзірге салынбаған және мердігер анықталмаған. Қауіпсіздік мәселесі шешілмеген. Сонда қазір ғимаратты әрі қарай пайдалану туралы қандай ұсыныстар туралы әңгіме қозғауға болады?

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 ақпан 2015, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.