Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ есебінен кейінгі сұрақ-жауап сессиясында талқыланған өзекті мәселелердің бірі Атырау қаласы әуежайы аумағында жеке тұрғын үй құрылысын салуға, оның айтуынша, заңсыз 93 жер телімін беру болды.
- Жер телімін беруді бастау үшін екі талап сақталуы тиіс: бас жоспар мен инфрақұрылымның болуы, - дейді әкім. – Алайда Атырау маңындағы бес үлкен ауданда жер телімдері қалай болса солай берілген. Сол жерлерде су да, жарық та жоқ. Сонымен қатар, құрылыс салушылардың өзінде құрылыс салуға рұқсат беретін құжаттары жоқ. Мәселен, әуежайдың маңындағы аумақтан кезінде 93 жер телімі заңсыз берілген және оның қырығында құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Біз осы аумақтағы заңсыз құрылыстарды тоқтаттық, иелеріне басқа жерден телімдер береміз, құрылыс материалдарын тасып та береміз, бұл жерде құрылыс салуға болмайды. Үй саламыз деп Атыраудағы саябақтардың барлығы құртылды, енді әуежайды басып алу қалды ма?!
Бұған дейін ол өз баяндамасының «құрылыс» бөлімінде 2014 жылы 522,3 мың шаршы метр тұрғын үй (2013 жылдан 101,2%) негізінен облыс орталығынан берілді. Ізмұхамбетовтың айтуынша, ол көппәтерлі үйлерді аудан орталықтарында да салу керектігін бірнеше рет ұсынған. Өткен жылы Құлсары қаласында 5 үш қатарлы, 60 пәтерлік үй құрылысы, Индерде екі, Аққыстау мен Ганюшкино ауылдарында бір-бірден көпқатарлы үйлер құрылысы басталды. Барлығы да биыл қолданысқа беріледі. Махамбетте, Мақатта, Доссорда, Аққыстауда, Ганюшкино және Индерде осындай 6 үй салуға жобалық-сметалық құжаттамалар жасалуда. Сонымен қатар, Құлсары қаласынан басқа аудан орталықтарының барлығында 10 бірпәтерлі, үш бөлмелі үйдің құрылысы жүріп жатыр.
- Биыл құрылыс жұмыстарын тездетуіміз қажет. Үйлердің көпшілігі мерзімінде тапсырылмайды. Екі айда салып болуға болатын бір бөлмелі үйлерді Құрманғазы, Индер және Қызылқоға аудандарында екі жылда салып болмай жатыр, - деді облыс әкімі.
Ал біздің өңіріміздегі құрылыс жұмыстарының көлемі 241,1 млрд теңгені құрады, бұл 2013 жылғы көлемнің 88,8%-ы. Жалпы көлемнің бұл төмендеуін Б. Ізмұхамбетов Солтүстік Каспий жобасы нысандары құрылысының аяқталуымен байланыстырды.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА