Атырау, 28 қараша 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әкім жас экстремистер туралы айтты

2 178 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алындыАтырау облысы әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ экстремистік діни ағымдарға ілескен жастарды Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасындағы мәңгүрттерге теңеді.

- Мұндай жас жігіттердің қаншалықты надан, сауатсыз екенін көріп жүрміз. Көпшілігінің мамандықтары жоқ, білімдері тек мектеппен шектелген. Сондайлардың біреуіне қатысты ҚР-ның «экстремистік» баптарының бірі бойынша іс қазір сотта қаралып жатыр. Жасы он алтыда, екі әйелі бар. Олардың үлкені үшінші баласын көтеріп жүр. Анасымен араласпайды. Сонда мұның мәңгүрттен не айырмашылығы бар? - деп әкім өзінің жыл сайынғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі есебінде сауал тастады.

Ізмұхамбетовтың айтуынша, дәстүрлі емес ағымдарға қарсы тұру мақсатында 66 мың ақпараттық материалдар таратылып, көптеген іс-шаралар жүргізілді. Мешітке келетін жамағаттар үшін газет шығарыла бастады. 2013 жылы облыстық драмма театрда экстремизмді айыптайтын «Хақ жолы» спектаклі қойылды.

- Отанды экстремизм мен терроризмнен қорғау – тек мемлекеттің ғана емес, әр отбасының ісі, - деп сөзін қорытындылады Ізмұхамбетов.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

20 ақпан 2015, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.