Атырау, 28 қыркүйек 20:00
 дождьВ Атырау +22.1
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Адал инспектор

2 934 рет қаралды

Жол инспекторы парадан бас тартып, ереже бұзушы-жүргізушіні жауапкершілікке тартты.

Мұндай ақпарат ІІД хроникасында сирек кездеседі, сондықтан бұл назар аударуға тұрарлық жаңалық. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 17 ақпан күні түскі мезгілде Махамбет көшесінде жол-патрульдік қызметкер ВАЗ 21014 көлігін тоқтатқан. Себеп – көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. Жүргізуші полиция қызметкеріне екі мың теңге көлемінде пара ұсынған. Ал, қызметкер одан бас тартқан. Бұл  фактіні жедел-алдын алу шараларын өткізу кезінде ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының көшпелі жедел басқару орталығы тіркеген. Қазіргі уақытта жүргізушіні жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешілуде.

– Бұл мемлекеттік қызмет орындауға өкілетті адамдарға жеке адамдардың заңсыз материалдық ақы ұсынғаны үшін жаза қарастыратын Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің бабы болатын шығар, - дейді Г.Мұхтарова. – Мұндай заң бұзушылық үшін 400 мың теңгеден астам көлемде айыппұл, ал қарсы жолаққа шығып кеткені үшін – бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тиесілі.  

Анастасия ПАСТУХОВА

20 ақпан 2015, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.