Атырау, 28 қараша 04:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

DVD саудасына тосқауыл қойылды

1 383 просмотра

Ақпанның 4-і мен 6-сы аралығында елімізде және соның ішінде Атырауда «Контрафакт» жедел-алдын алу шарасы өтті.

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ІІБ криминалды полициясының жедел уәкілдері Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірге жүргізген рейд барысында зияткерлік меншік құқығының оннан астам бұзылу фактісін анықтады. Әңгіме DVD дисктерінің саудасы жөнінде. Заңсыз айналымнан 800-ден астам лицензияланбаған дисктер тәркіленген. 

- Привокзальный ықшамауданында орналасқан сауда базарында DVD дисктерін сатқан сатушыдан полицейлер 609 дана контрафактілі тауарды анықтап, тәркіледі, - дейді Г.Мухтарова. – Ал, Құрманғазы АІІБ қызметкерлері Ганюшкин ауылының 32 жастағы тұрғынынан 20  DVD диск тәркілеген. 

Барлық анықталған фактілер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, материалдар тергеу органдарына жолданды.

Полицейлер тағы да ескертіп өтті: компьютерлік жүйеге заңсыз кіру, пошта жәшіктерін бұзу, өзгенің есебінен интернет байланыс қызметін пайдалану жағдайлары кездессе, тұрғылықты мекенжай бойынша ішкі істер органдарына жолығу қажет немесе ІІД-нің Криминалды полиция Басқармасының 98-21-47 сенім телефонына хабарлаңыз.

Анастасия ПАСТУХОВА

12 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.