Дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының қолдауымен 2000-2001 ж.т. оқушылар арасында қазақ күресінен облыстық біріншілік өтті.
Жарысқа Атырау қ., Құрманғазы, Жылыой және Махамбет аудандарының жас ұлттық стильдегі күрес палуандары қатысты. Жеңімпаздар: 38 келіге дейін - Айдос Жанболатов, 42 келіге дейін - Алтынбек Серіков, 46 келіге дейін- Ерсін Тұяқбай, 50 келіге дейін - Әбілхайыр Хайруллин, 55 келіге дейін - Нұркен Салыбек, 60 келіге дейін - Батырлан Әсет және 60 келіден жоғары - Асланбек Қайроллаев.
Суретті түсірген автор
***
5-6 ақпанда Мұз сарайында «Бейбарыс» пен «Атырау» командалары арасында шайбалы хоккейден ел чемпионатының екі матчы өтті.
Қонақтар қорғанысты ғана ойлап қоймай, ойынның 6-минутында есеп ашты. Алаң иелері бір ойыншысы кем ойнаған 30-минутта қарымта гол соқты – Денис Козырев қарсыласынан шайбаны тартып алып, қорғаушыларға жеткізбей, қақпашыны қапы қалдырды. Екінші шайба 47-минутта соғылды, бұл сәтте «Астана» қақпасы алдында қарбалас болғаны соншалық, арбитр голды есептеу үшін бейне қайталауды пайдаланды. Шайба Элизер Щербатовтың еншісіне жазылды. Есеп 2:1 болып тұрған матчтың соңғы минутында қонақтар қақпашыны алаң ойыншысына ауыстырып, толассыз шабуылға көшті. Қақпаның бостығын пайдаланып, алаң иелерінің қорғаушысы Николай Ладыгин алыстан гол соқты. Қорытынды есеп – 3:1.
Екінші матч 5:2 есебімен «Бейбарыстың» пайдасына шешілді. Алаң иелерінің сапында Кирилл Сидоренко мен Йохан Лоррейн екі-екіден, сондай-ақ, Ээту Хяккинен бір гол соқты.
Суретті түсірген Тамар СУХОМЛИНОВА
***
«Атырау» ДСК-нде Жеңістің 70 жылдығына орай әйелдер арасында волейболдан облыстық турнир өтті.
Турнирге 11 команда қатысты. Ойындар өте тартысты өтті, қыздардың үлкен дайындықпен келгені көрініп тұрды. Үзіліс кезінде Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында ҚР чемпионатына қатысушы «Атырау» командасы және Жоғары лигада өнер көрсететін «Атырау-2» командасы «шеберлік сабағын» көрсетті. Екі ұжым арасындағы қысқа жолдастық кездесу 15:13 есебімен легионерлермен күшейтілген негізгі команданың пайдасына шешілді.
«Атырау» командасының бас бапкері Руслан ЖБАНКОВТІҢ (суретте) айтуынша, команда турнир кестесінде бес турдан кейін 3-орында тұр. Ойыншылар жүлде аламыз деп құлшынып отыр. Ойналатын үш тур (11 ойын) қалды, жүлделер тағдыры наурыздың аяғында шешіледі.
Облыстық турнирге келетін болсақ, алдымен қомандалар үш топқа бөлініп, алдын ала айналымнан өтті. Топ жеңімпаздары жүлделерді сарапқа салды: 1-орын «Интергаз Орталық Азия» АҚ, 2-орынды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ӨФ, 3-орынды ардагерлер құрамасы алды.
Үздік ойыншылар: шабуылшы – Рауана Қойшығалиева (ҚТГА), блоктаушы – София Мырзағалиева (ардагерлер), байланыстырушы – Самал Тілеулиева («Интергаз»). «Волейбол аруы» арнайы сыйлығына Айнұр Беркалиева («ҚМГ Өнімдері») ие болды.
Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА
***
«Атырау» футбол орталығының үш шәкірті - Алексей Блинов, Ерасыл Аманжол және Владимир Волкагонов – Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) сапында Грузиямен болған жолдастық кездесуде ойнады.
Испан маманы Карлос Бакес басқаратын қазақстандық команда Грузияның Зугиди қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. «Атырау» ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, матч 1:1 есебімен тең аяқталған. Біздің құрамамыздан голды «Ертіс» ФК (Павлодар) шәкірті Батыр Құдайбергенов А. Блиновтың дәл пасынан кейін салған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ