Атырау, 4 қазан 20:30
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Оқиғалар тізбегі

2 744 просмотра

5 ақпанға қараған түні Жылыой ауданы Қосшағыл ауылы маңындағы Қарағай деген жерде үсіп қалған ер адамның мүрдесі табылды. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Г. Мұхтарова хабарлағандай, өлген адамның кім екені анықталды. Бұл Құлсары қаласының 52 жастағы тұрғыны екен. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда. Сараптама тағайындалды.

***

СМП-163 ауданында пәтер жалдап тұратын қыз полицияға 49 жастағы пәтер иесі оның 69 мың теңге тұратын «LG» маркалы ұялы телефонын тартып алды деп хабарласты. Мәселенің мән-жайын анықтаумен қалалық №2 полиция бөлімінің (Алмагүл) учаске инспекторлары айналысуда.

4 ақпанда күндіз Құлсары қаласы ықшамаудандарының бірінде ер адам себепсіз 25 жастағы қызды ұрған. Басбұзар ізделуде.

***

«Контрафакт» операциясы барысында «Мұрагер» базарында 25 жастағы саудагерден 600-ге жуық «пираттық» DVD-диск тәркіленді.

25 қаңтар күні Индер ауылында дүкеннен 40 ұялы телефон және 20 мың қолма-қол ақша ұрлаған қылмыс ашылды. 20 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның дүкенге екінші қатардағы терезеден кіргені анықталды.

***

6 ақпан күні кешке Индер аудандық ІІБ қызметкерлері Жарсуат ауылында рөлінде 26 жастағы мас жүргізуші отырған «Лада» ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатты. Оның 2014 жылдың желтоқсанында көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айрылғаны белгілі болды.

***

8 ақпанға қараған түні белгісіз біреулер терезе арқылы Әуезов көшесіндегі азық-түлік дүкеніне түсіп, 300 мың теңгенің азық-түлігі мен «Activ» кәртішкелерін қолды қылған. Тергеу жүргізілуде.

***

Қаңтардың 20-сы мен ақпанның 20-сы аралығында облыс бойынша «Автобус» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Акция басталғалы бері қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан келесі заң бұзушылықтар анықталды: 80 – жүріп бара жатып ұялы телефонмен сөйлесу, 46 – жылдамдықты арттыру, апатты жағдай туғызу, 10 – транспортты құжатсыз жүргізу, 10 – рұқсатсыз қайта жабдықтау.

12 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.