Атырау, 14 мамыр 20:06
 ашықВ Атырау +13
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32

Анасын өлтірген ер адам 8 жылға сотталды

2 755 просмотра

Махамбет аудандық соты ҚР ҚК-нің 103-бабы 3-тармағы бойынша  Денсаулыққа ауыр қасақана зиян келтіру арқылы жәбірленушіні өлімге әкеп соққан әрекеттер») А.Бесімді азаматқа қатысты істі қарады.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қарашасында Ақтоғай ауылының тұрғыны үйіне мас күйінде келіп, анасын ұрып-соға бастаған. Анасына жұдырық ала жүгірген ұл оны тепкінің астына алып, қабырғада ілулі тұрған сағатпен бірнеше рет ұрған. 

Сот сотталушының кінәсін мойындап, шын жүректен өкінгенін ескере отырып, оған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.