Атырау, 4 қазан 20:27
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Асыққан - шайтанның ісі

2 912 просмотра

Индер ауданы Бөдене ауылдық округінің әкімі Орақ ХИХИМОВҚА мемлекеттік сатып алу туралы заңның талаптарын бұзғаны үшін сот үкімімен 250 АЕК мөлшерінде (463 мың теңге) айыппұл салынды.

Жаза әкімнің бұрынғы жұмысымен байланысты. Орақ Хихимов Бөдене орта мектебінің директоры болып тұрған кезде бюджет қаржысын заңсыз аударып, мемлекетке залал келтірді деп айыпталды.

2013 жылы мектепті күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжатты (ЖСҚ) дайындау үшін бюджеттен 485 мың теңге бөлінген болатын. Тендер жеңімпазы болып «СулейменТуреОйл» ЖШС (директоры Мақсот ОМАШ) танылған еді. Келісімшарт бойынша мердігер ЖСҚ-ны 75 күннің ішінде бітіруді міндетіне алады. 

- Алайда, О. Хихимов ЖСҚ-ны дайындау және оны мемлекеттік сараптамадан өткізу түріндегі жұмыстардың мүлдем орындалмағанына қарамастан бюджеттен бөлінген қаражатты мердігердің есепшотына негізсіз аударып жіберген. Осыған байланысты Хихимовтың үстінен ҚР ҚК 307 бабы 2 бөлігімен («Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану»)қылмыстық іс көтеріліп, сотқа жолданған болатын, - деп хабарлайды Индер ауданы прокурорының орынбасары Ғани АБДРАХМАНОВ.

Ал, жақында Хихимов Бөдене ауылдық округі әкімі лауазымынан босатылды.            

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.