Алматы. 11 ақпан. ҚазТАГ – WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжді аңдып отыру британия полициясының ресурстарын сарқып жатыр, деп есептейді Скотленд-Ярд басшысы Бернард Хоган-Хоу, деп хабарлады британиялық Sky news телеарнасы.
«Ұлыбританияның ең басты полиция басшысы (Скотленд-Ярд басшысы Бернард Хоган-Хоу - ҚазТАГ) WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжді аңду бағдарламасын қайта қарайтынын, себебі ол полиция ресурсын сарқып жатқанын мәлім етті. Премьер-министрдің орынбасары Ник Клегг өткен аптада Лондондағы Эквадо елшілігінің жанындағы операция құнын жариялады. Ол шамамен £10 млн болды», - делінген хабарда.
Бұрын хабарланғандай, швед прокуратурасы 2010 жылы Швецияның екі азаматшасына қарсы жыныстық сипаттағы бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін деген күдікпен аустралиялықты қамауға алуға тырысып бағуда.
Күдіктінің өзі болса кінәсін толығымен жоққа шығарып отыр. Д. Ассанждың қамауына еуропалық ордердің 2010 жылдың 2 желтоқсанында берілгеніне қарамастан, ресми айыптаулар әлі күнге дейін тағылмаған.
Адвокаттар Wikileaks басшысының Эквадор билігіне жүгінуінің себебі Д. Ассанждың оны Эквадордың АҚШ-қа экстрадициялап жіберу қаупінде екенін атап өтуде, ол жақта оны тыңшылық жасап, мемдепартамент құжаттарын санкцияламай жариялағаны үшін ұзақ абақты мерзімі мен потенциалды өлім жазасы күтіп тұр.
Еске сала кетейік, 25 маусымда аустралиялық журналист 2014 жылғы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығына лайық болды. Оған «Журналистік тергеу» аталымының иегері дипломы жіберілді.
18 тамызда Д. Ассанж жақын арада Лондондағы Эквадор елшілігін тастап шығу ниеті жайлы мәлімдеді.
Еске салсақ, 22 қарашада Эквадор Wikileaks ұйымының негізін қалаушы Джулиан Ассанжға баспана беру мерзімін ұзартты.
Дереккөз: ҚазТАГ