Атырау, 25 қараша 11:42
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Forbes сайты қаржылық және қорғаныс компанияларына бақылау жасау үшін бұзылған

2 123 просмотра

Алматы. 11 ақпан. ҚазТАГ – Қытайдың хакерлері Forbes журналының сайтын бұзып, оны американың қорғаныс және қаржылық компанияларға бақылау жасау үшін қолданған, деп хабарлады The Washington Post газетіне сілтемелеп РБК.

«Былтыр үш күн бойына, 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында, пайдаланушыларға сайтқа кіруге шақырған «Thought of the Day» виджеті бұзылып, белгілі мекемеден кірушілерді басқа сайтқа жіберіп отырған, ал онда олардың компьютерлері зиянды бағдарламамен «уландырылып» отырған. Сарапшылар ол, Forbesқа шабуыл кезінде қолданылған серверлер бақылауындағы зиянды бағдарламаны қытайлық диссиденттер кіріп отыратын сайттардың бұзылуымен байланыстырып отыр», - делінген хабарда.

Хабарда айтылғандай, хакерлер Adobe Flash және Internet Explorer бағдарламаларының осал нүктелерін пайдаланғаны айтылады. Forbes бұл оқиғаны мойындады.

«2014 жылғы 1 желтоқсанда Forbes 2014 жылғы 28 қарашада Forbes сайтымен байланысты файл өзгертілгенін анықтады», - делінген басылым мәлімдемесінде.

Файл шұғыл түрде өзгертілген, Forbes оқиғаны тексеруді бастады. Мәлімдемеде айтылғандай, тексеру «қосымша немесе өзіне сақтап алатын бұзушылықтың ешқандай белгілерін анықтамады, мәліметтердің ұрланғаны туралы ешқандай дәлел таппады».

Бұл ретте сарапшылар шабуыл кем дегенде қорғаныс және қаржылық қызмет көрсету саласындағы бірқатар компанияларға бағытталған деп мәлімдеді. Киберқауіпсіздік саласындағы мониторингімен айналысатын Invincea компаниясы қараша айының соңында клиенттердің біреуіне шабуыл жасалғанын хабарлады. Invincea мамандары зиянды бағдарламаның клиент желісінің ішінде таралуын тоқтатып, шабуыл қайдан жасалғанын анықтауға көмектескен мәліметтер жинай алды. Сарапшылар шабуылды көбінесе Sunshop Group деген атпен танымал Team Codoso кибертыңшылар тобы жасады деп есептейді. Олар осы сынды көптеген шабуылдар жасаған.

Бұл ретте АҚШ-та жаңа қызмет – киберқауіппен күрес агенттігін ашып жатқаны айтылады. АҚШ президентінің ішкі қауіпсіздік және трроризммен күрес жөніндегі кеңесшісі Лиза Монако мәлім еткендей, жаңа агенттік басқа арнайы қызмет арасында киберқылмыс туралы жедел ақпараттарды жинап және таратып отырады. Л.Монако атап кеткендей, киберқауіпсіздік саласындағы бұзушылықтар күн сайын өсіп және барған сайын амалын асырып келеді. 

Дереккөз: ҚазТАГ

11 ақпан 2015, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.