Атырау, 28 қараша 04:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау ЖКО-да қаза тапқан украиндықтардың туыстарына көмек көрсетуде (толықтырылды)

3 090 просмотра

Қаза тапқан Анатолий МАШТАКОВТЫҢ әйелі Оксана және оның ұлы Дмитрий (ортада) қайғыларына ортақтасқан Атырау тұрғындарымен бірге.Қаза тапқан Анатолий МАШТАКОВТЫҢ әйелі Оксана және оның ұлы Дмитрий (ортада) қайғыларын бөліскен Атырау тұрғындарымен бірге.«АЖ» сайтында «ЖКО-да қаза тапқан луганскілік инженердің ұлы көмек сұрайды» жарияланымынан соң редакцияға Атырау қаласының қамқор тұрғындары хабарласа бастады.

10 ақпан күні бізге жеке кәсіпкер Альхазур АБУБАКИРОВ келді, ол көлік апатынан қаза тапқан «Тойота» жүргізушісі Анатолий МАШТАКОВТЫҢ Атырау-Құлсары трассасында ЖКО-дан үш адам қаза тапты») денесін Пятигорскіге дейін жеткізу шығындарын өз мойнына алды. Ол А.Маштаковтың ұлы Евгениймен хат жазысқан кезде (оның электронды пошта мекенжайы жарияланымда көрсетілген) 10 ақпан күні Астраханнан Атырауға қаза тапқан жанның әйелі Оксана мен екінші ұлы Дмитрийдің шыққаннын біледі. Сол кезде Құлсары қаласындағы мәйітханадан «Тойотаның» жолаушылары – А.Маштаков сияқты Луганскінің тұрғындары 33 жастағы Лилия Жежерь мен оның 13 жасар ұлы Андрейді кім алып кететіні әлі белгісіз болған еді.

Көмек қолын созған атыраулықтар редакцияға күні бойы қоңырау шалумен болды. Олардың бәріне Альхазурға хабарласуды айттық. Бұл жігерлі жігіт қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді қолға алған бастамашыл топтың ресми емес координаторына айналды.

Сәлден кейін біз әлеуметтік желілер арқылы Лилия Жежерьдің әпкесі Татьяна Тарасованы таптық. Ол Лилия мен ұлының денелерін алып кету үшін оның бұрынғы күйеуі Александр мен қайын атасы Николайдың жолға шыққанын хабарлады. Біз олардың ұялы телефон нөмірлерін жазып алып, Альхазурға бердік.

10-ы күні кешке бастамашыл топ А.Маштаковтың туыстарын темір жол вокзалы маңындағы такси тұрағында қарсы алды. Оксана Ивановна Украинадағы соғыс туралы айтқысы келмеді. Тек күйеуінің өте жақсы азамат болғанын ғана айта бастады. Ол бірнеше рет «Сіздің еліңізде бейбітшілік болғанын шын жүрегімнен тілеймін! Бұл – ең бастысы!» деп қайталады. Альхазур мен украин этно-мәдени орталығының төрағасы Ольга Павленко А.Маштаковтың жанұясына атыраулықтар жинаған ақшаның жартысын берді. Екінші жартысы Л.Жежерьдің жақындарына беріледі. Ғаламторда Лилия мен Андрейдің қаралы фотосуреттерінің астында туыстары достарының сұрақтарына жауап беруде. Ол неге сонша алысқа кеткен? Соғыстан алыс жаңа өмір бастау үшін...

Анатолий Маштаковтың туыстары «Сұңқар» қонақүйіне орналастырылды, сол қонақ үйден Атырауға 11 ақпан күні таңда жетуге тиіс болған жолда келе жатқан Лилия мен Андрей Жежерьдің туғандарына да бөлме дайындалып қойылған.

Кешкісін Анатолий Маштаковтың үлкен ұлы байланысқа шығып, былай деп жазды: «Мама және біз бәріміз барлығыңызға көмектеріңіз бен қолдауларыңыз үшін шексіз ризамыз. Біз Қазақстанның және Атыраудың адамдарына тәнтіміз. Сіздер ұйымшыл әрі татусыздар, осындай қиын минуттарда мүлде бейтаныс адамдарға көмектесуге дайынсыздар. Біздер үшін көп нәрсе жасағандарыңызға рахмет сіздерге».

10-ы күні түнде Лилия мен Андрей Жежерьдің туғандары байланысқа шығып, Ресей-Қазақстан шекарасын кесіп өте алмай тұрғанын және шетелдік төлқұжаттарының жоқтығынан Қазақстанға кіре алмай тұрғанын хабарлады.  Туындаған мәселе тағы да көпшіліктің күш салуымен шешіле бастады. Соңғы ақпарат бойынша, Анатолий Маштаковтың туғандары бірнеше бастамашыл топ өкілдерімен бірге бүгін таңда Құлсарыға қарай жол тартқан. Бәрі де құқыққорғау органдары ымыраға келіп, оларға барлық үш марқұмның да денелерін береді деген үмітте. Олай болған жағдайда Лилия мен оның ұлы Андрейдің денелері Ресейдің Қараөзек (Красный Яр) шекара бекетінде күтіп отырған олардың туғандарына беріледі.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

11 ақпан 2015, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.