Атырау, 25 қараша 11:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ШЫҰ Уфада өтетін саммитке Үндістан, Пәкістан және Иранның көшбасшылары қатысады деп күтуде

4 857 просмотра

Алматы. 10 ақпан. ҚазТАГ – Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) алдағы Уфада «ең жоғарғы деңгейде» өтетін саммитке Үндістан, Пәкістан және Иранның көшбасшылары қатысады деп күтуде. Бұл туралы ТАСС-қа ШЫҰ бас хатшысы Дмитрий Мезенцев мәлім етті.

Ол сондай-ақ ШЫҰ-на толық мүшелеікке сұраныс беріп қойған Үндістан, Пәкістан және Иранмен қатар бірнеше мемлекет бақылаушылар мен диалог бойынша серіктестер мәртебесін алуға ұмтылуда екенін еске салды. Мысалы, бақылаушы мәртебесін алуға Шам (Сирия), Белоруссия, Армения, Әзербайжан және Бангладеш өтініш берді.

«Жақында ғана біз Мальдив Республикасының сыртқы істер министрлігінің диалог бойынша серіктес мәртебесін сұраған өтінішін алдық», - деді Д.Мезенцев.

Оның айтуынша, осындай өтінішті Непал да берді.

Одан басқа, Д.Мезенцев, 2013 жылы наурыз айында Украина сыртқы істер министрінен диалог бойынша серіктес мәртебесін сұраған өтініші түскенін еске салды. 2014 жылы шілдеде сұраныс «ауызша қуатталды».

«Біз үшін ұйымның жұмысына қызығушылық өте маңызды. Бұл осы ұйымның өңірде беделі өсіп ықпалы артып отырғанын көрсетеді», деп тұжырымдады ШЫҰ бас хатшысы. Ол ШЫҰ «ерекше халықаралық бірлестік» деп атады.

Еске салсақ, ШЫҰ мен БРИКС саммиттері Уфада 2015 жылы 8-10 шілдеде өтеді.  

Дереккөз: ҚазТАГ

10 ақпан 2015, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.