Атырау, 25 қараша 11:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстан бизнесмендері ЕАЭО-ға қосылу салдарынан қауіптенеді

1 309 просмотра

Фото: stanradar.comФото: stanradar.comАлматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – Қырғызстанның бизнес-қауымдастығы Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылу салдарынан қауіптенеді, деп хабарлады ҚырТАГ.

«Жалпы алғанда, ЕАЭО-ға қосылғаннан кейін елге не болатыны стратегиялық түрде белгілі. Алайда тек макроэкономика және тұтас салаларға арналған салдар туралы айтылды. Бірақ қосылудың жекелеген ЖШО-ларға (жауапкершілігі шектеулі ұйымдарға – ҚазТАГ) және жеке кәсіпорындарға қалай әсер ететіні мүлде түсініксіз. Нәтижесінде ертеңгі күнге қауіптенулер мен сенімсіздік туындайды», - деп атап өтті жеткізушілер (өндірушілер және дистрибьюторлар) қауымдастығының президенті Гүлнәр Өскенбаева жұма күні.

Бизнес өкілінің айтуынша, кейбір кәсіпкерлер мен бизнесмендер ұйымға кіру қарсаңында өте уайымдайда. «Олар Қырғызстанның ЕАЭО-ға іс жүзінде қосылғанынан кейін кедендік баж салықтарының өсіп кетуі салдарынан қымбаттайтын белгілі бір тауар қорларын алдын ала дайындап қоюды ойластыруда», - делінген хабарда.

Хабарланғандай, Қырғызстанна ЕАЭО-ға 2015 жылдың мамырында ресми мүше атанады деп жоспарлануда.

Дереккөз: ҚазТАГ

6 ақпан 2015, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.